![]()
02.05.2025 Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған бейнеқұттықтау ұйымдастырылды 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Foundation факультетінде мерекелік бейнеқұттықтау шарасы ұйымдастырылды.
Шараға факультеттегі түрлі пәндік бағыттар бойынша білім алып жатқан тыңдаушылар белсенді қатысты. Қатысушылар өздерінің құттықтауларын ән, би, өлең жолдары және ізгі тілектер арқылы жеткізіп, достық пен татулықты арқау еткен әсерлі видеолар ұсынды.
Іс-шараның мақсаты - еліміздегі этносаралық келісім мен бірлікті дәріптеу, жастардың бойында патриоттық рух пен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру болды.
Foundation факультеті 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтайды! Елімізде бейбіт өмір, ынтымақ пен бірлік әрдайым салтанат құрсын!
|