![]()
02.05.2025 «Ғылыми коммуникациялық дағды - болашақ тәрбиешілердің кәсіби дамуының негізі» ғылыми-әдістемелік семинары 2025 жылдың 29 сәуірінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін Педагогика және психология факультеті мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы «8D01201- Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу білім беру» бағдарламасының 1 курс докторанты Қымбат Темирханова өзінің ғылыми зерттеу тақырыбының аясында, (ғылыми кеңесшісі PhD., қауымд. профессор м.а. Асем Булшекбаева) ғылыми - әдістемелік семинар өткізді.
Семинардың негізгі мақсаты - студенттердің ғылыми сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, кәсіби бағыттағы ойларын нақты, дәл жеткізе білу дағдыларын дамыту және ғылыми зерттеулерді тиімді ұсыну жолдарын үйрету.
Ғылыми-әдістемелік семинарға «6В01201-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу білім беру» бағдарламасының 3 курс студенттері және Инновациялық технологиялар университеті (Нүкіс, Өзбекстан) мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасының профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Райхан Нуржанова мен педагогика және психология кафедрасының ассистент-оқытушысы Сарбиназ Бисекова, сондай-ақ кафедраның профессор-оқытушылар құрамы қатысты. Семинар аясында қатысушы студенттер интерактивті тапсырмалар орындап, өзара пікір алмасты.
Сонымен қатар студенттер өздерінің шағын ғылыми жобаларын таныстырып, ғылыми пікірталасқа белсенді қатысты. Қатысушылар ғылыми стильде еркін сөйлеу, өз ойын дәл және логикалық түрде жеткізу, зерттеу нәтижесін ғылыми форматта ұсыну бағытында жаңа білім мен тәжірибе алды.Семинар соңында студенттермен кері байланыс жүргізіліп, олардың ұсыныстары тыңдалды. Ғылыми-әдістемелік семинар болашақ тәрбиешілер үшін маңызды тәжірибе алаңы болды.
|