![]()
02.05.2025 SDU және ҚазҰПУ студенттері арасындағы кәсіби коллаборация 2025 жылғы 30 сәуірде SDU университетінде SDU University мен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (ҚазҰПУ) бастауыш білім беру кафедрасымен ынтымақтастық меморандум аясында 3 курс студенттері «Білім векторы» клубының ұйымдастыруымен «EduCollab Fest: Бірігіп болашақты бірге құрайық!» атты кездесу өткізді. Кездесу Ректор гранты негізінде «Білім алушылар арасындағы кәсіби коллаборация - университеттік ортада білім алмасу мен зерттеу жүргізудің жаңа форматы» жобасы аясында болды. Кездесуді клуб жетекшісі, 2 курс магистранты Ажар Амангелді мен жоба жетекшісі, п.ғ.к. Рабиға Базарбекова ұйымдастырды.
Кездесудің басты мақсаты - жоғары оқу орындары арасында білім алмасу мәдениетін қалыптастыру, кәсіби байланыстар орнату және студенттердің ғылыми-зерттеу әлеуетін арттыру. Іс-шара барысында екі университеттің білім алушылары өздерінің оқу және ғылыми тәжірибелерімен бөлісіп, кәсіби даму бағытындағы ортақ мүдделерін талқылады.
Бағдарлама аясында: Бірлескен топтық жобалар таныстырылды; Зерттеу жүргізудің заманауи тәсілдері бойынша кейс-стади және пікірталас форматындағы интерактивті сессиялар өтті; Университеттер арасындағы келешектегі академиялық ынтымақтастық мүмкіндіктері сөз болды.
Бұл кездесу - студенттер арасындағы кәсіби коллаборацияны нығайтып, университеттік білім беру кеңістігіндегі серіктестіктің жаңа қырларын ашуға бағытталған маңызды қадам болды. Қатысушылар білім мен тәжірибе алмасудың өзара кәсіби дамуға оң әсер ететінін атап өтті. Мұндай бастамалар жоғары білім берудегі сапаны арттырып, болашақ мамандардың жан-жақты қалыптасуына жол ашады.
|